Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министрлік "Қазақфильм"-нің тағдырына қатысты тың мәлімдеме жасады

18:41, 01 тамыз 2024 395
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме "Қазақфильмнің" тағдырына қатысты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Мәлімдеме 2024 жылғы 1 тамызда департаменттің Telegram-каналында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Азамат Сатыбалдының "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткені бір күн бұрын, 2024 жылғы 31 шілдеде белгілі болды.

Еске салайық, Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" акционерлік қоғамының президенті болып 2023 жылғы 28 шілдеде тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар