Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мөлдір көрінбейді ғой»: Тұрсынбек Қабатовтың отбасымен түскен суреттері желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)

23:27, 16 шілде 2025 600

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасымен бірге түскен бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп жазады Alash.kz.

Instagram желісіндегі «Жұлдыздар әлемі» парақшасында жарияланған видеода Қабатовтың анасына гүл шоқтарын сыйлап, бауырларымен бірге естелікке суретке түсіп жатқан сәттері көрсетілген.

Бейнежазба желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Көпшілік әзілкештің анасына, туған-туыстарына деген құрметіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары Тұрсынбектің жары Мөлдір Мұқанованың бейнежазбада көрінбегенін айтып, оның жағдайын сұраушылар да табылды.

Пікір білдірушілердің арасында:
– «Мөлдір көрінбейді ғой»,
– «Анасы тамаша адам, отбасылары аман болсын»,
– «Аналарымыз аман болсын»,
– «Тұрсынбектің шыққан тегі, отбасы керемет жандар ғой», – деген секілді пікірлер жазылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар