Қазақстанда жаңа ұлттық мереке енгізу жайлы айтылды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан үкіметі елде "Тұлпар күнін" енгізу туралы ұсынысты қарастырып жатыр.
Мәжіліс депутаттары "Тұлпар күнін" ұлттық мереке ретінде бекітуді ұсынды. Депутаттардың айтуынша, салада шешілмеген мәселе көп. Елге сапасыз еттің келуі, білікті маманның жетіспеуі, ескірген ипподромдар секілді мәселелер жетерлік. Сондықтан депуттар кемінде бес ат спорты кешенін салуды ұсынған.
Ал премьер-министр Олжас Бектенов бұл салаға соңғы бес жылда 9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін жеткізді. Ал "Тұлпар күнін" ұлттық деңгейде мереке ретінде атап өту мәселесі қосымша қаралатынын айтты.