Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мен ит емеспін: Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" қызметкерлері туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

17:19, 24 шілде 2024 585

Белгілі актер Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" былығы туралы Massaget TV YouTube арнасына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Азамат Сатыбалды өзі басшылық қызметке тағайындалғалы беру аяқтан шалулар көбейіп кеткенін жасырмады. 

"Ондайдың талайын көрдім. Оған қыста да куә болдыңыздар. Авто кешен жасап жіберді деп сөккен еді. Әрбір сілкініс сені тазалайды. Мені күнде қорқытады. Кеше де қорқытты. Бірақ мен қоян жүрек адам емеспін ғой. Мен өзімнің істеп жатқан жұмысымды білемін. Егер мен басқа адам болсам, мен қыста болған жағдайдан кейін, кешегі оқиғадан кейін қолымды бір сілтеп кетіп қалар едім. Олай жасауға жағдайым жетеді. Бір қызметке тәуелді адам емеспін. Құдайға шүкір, сұранысқа ие актермін. Осылардың барлығы жан-жақтан талап жатқан кезде менде "спортивный интерес" кетті. Мен дәлелдеу керекпін, жұмыс істеу керекпін. Менде аманат бар. Аманатқа қиянат жасамау керек. Ертең ана өмірге барған кезде Шәкен ағаның көзіне тік қарауым керек. "Не істедің?" деген кезде "барымды салдым" деп айту үшін жұмыс істеп, тоқтамауым керек екенін түүсіндім", - деді актер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?