Қазақстанда оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға тыйым салынған, деп жазды Alash.KZ.
Алайда депутат басқа елдер одан да қатаң шараға көшкенін айтуда.
Мысалы, Ұлыбританияда мектеп ғимаратында смартфон пайдалануға қатысты қатаң ереже бар.
«Менің ойымша, Қазақстан мектептеріне осы тәжірибені пайдалану мәселесін талқылау қажет», - дейді ол.
Айтуынша, интернет қолжетімсіз батырмалы телефонды қолдануды немесе мектепте смартфонды арнайы сақтау орнын ұйымдастыруды ұсынуға болады.