Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстау облысының жаңа әкімі тағайындалды

17 мамыр 2024 226

Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы 10 сәуірде дүниеге келген. 1999 жылы М.Тынышбаев атындағы көлік және комуникация қазақ академиясын Теміржол көлігін тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол 2003 жылы Л.Гумилев атындағы ұлттық Евразиялық университетін қаржы және қаржы құқығы мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Stafford House халықаралық мектебін (Бостон, АҚШ) тәмамдаған. Бұдан бөлек ол 2018-2020  жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар Маңғыстау облысының прокуроры ауысты. Ол – бұған дейін Ақмола облысының прокуроры қызметін атқарған Айдос Майлыбаев.

Айдос Серікханұлы Майлыбаев 1977 жылы Алматыда дүниеге келген. Заң саласында білімі бар, аға заң кеңесшісі. Алматы облысындағы екі ауданда прокурор болып қызмет атқарған. Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, сондай-ақ Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?