Миллионер Айдын Рахымбаев кенже ұлын әскери қызметке аттандырд, деп хабарлайды Alash.kz.
Бозбала Лондонда оқу кезінде кейбір қиындықтарға тап болған. Осы себепті ол әкесінің қолдауымен арнайы келісімге келіп, әскери борышын өтеуді таңдаған.
Рахымбаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ұлы мен әйелі түскен суреттерді жариялап, оның әскерге бару себептерін ашып айтты.
«Кенже ұлым кеше әскери ант қабылдады. Физикалық дайындығы жақсы болғандықтан, десанттық-шабуылдау бригадасына қабылданды. King’s College London оқу орнына түскен кезде екеуміз келіскен едік. Егер, оқуында қандай да бір қиындық туындаса, мен оның артын жаппаймын, ол әскерге барады деп уәде бердік. Сол сәт келіп, азаматтық сөзінен таймай, әскерге кетті», — деп жазды Айдын Рахымбаев.
Рахымбаев өзі ант қабылдау рәсіміне бара алмаған. Алайда, әйелі мен қызы сол рәсімге қатысып, сурет пен видеоларды жариялады.
Ұлының оқуын жалғастыратынын атап өткен Рахымбаев, «Балам алдымен Отан алдындағы борышын өтейді. Қазақстандағы сарбаздарға сәттілік тілеймін, ата-аналарына сабыр тілеймін», — деді.