Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күйеуі ұрып-соққан… Сіңлім маған бәрін айтып берді”: Алматы облысында көз жұмған келіншек жайлы тың дерек шықты

13:51, 19 тамыз 2026

Алматы облысында екі баланың анасы көз жұмды, деп жазады Alash.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзіне қол жұмсаған. 

«NemolchiKZ» қорының мәліметінше, марқұмның туыстары көмек сұрап, қорға жүгінген.

«23 шілдеде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған. Әзірге ресми нұсқа осы. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген жазбада.

Марқұмның артында екі жасар егіз балалары қалды.

«26 шілде күні күні сіңлім өзіне қол жұмсады. 23 шілде күні күйеуі екеуінің арасында жанжал шығып, күйеуі оны ұрып-соғып, қолын сындырған. Ұялып әрі ата-анамызды аяп, ол маған ештеңе айтқан жоқ. Өзіне қол салардан бір сағат бұрын сіңлім маған осының бәрін айтып берді, егіз балаларын басқа бауырымызға қалдырып, артынша өзіне қол жұмсады», – делінген марқұмның туысының хатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар