Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күдікті ұсталды”. Атырау облысында өлі табылған 73 жастағы зейнеткер жайлы тың дерек шықты

21:00, 23 ақпан 2026

Атырау облысы Мақат ауданында гараждан өлі күйінде табылған 73 жастағы зейнеткер жайлы жаңа дерек шықты, деп жазады Alash.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 19 ақпанда Орал қаласының 73 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен.

"Әйел Мақат ауданына келген. Полицейлер ақпаратты тексеру үшін дереу зейнеткердің тұрғылықты мекенжайына барып, үйі мен оған іргелес аумақты қарап шықты. Тексеру барысында тұрғын үйдің гаражынан әйел адамның мәйіті табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен оның азаматтық некедегі күйеуі ұсталды" - делінген ресми хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Күдіктінің айтуынша, дене жарақаттары тұрмыстық жанжал кезінде салынған.   Марқұмның туыстары зейнеткер бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын айтты.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар