Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Оқиғаның мән-жайы анықталуда”: Шымкентте Дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды

17:55, 22 ақпан 2026

Бүгін таңғы уақытта Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Alash.kz.  

Шымкент қалалық полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.

«Полицияға суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факт бойынша өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар