Алматы тауларында қар астында қалған турист көз жұмды, деп жазады Alash.kz.
ТЖМ хабарлауынша, бүгін таңертең Алматы тауларында Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте төрт адамнан тұратын екі турист қар астында калып қойды. Олардың біреуі өздігінен шыға алды.
“Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, «Барыс» РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді”,- делінген ресми хабарламада.