Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жақсы жаңалық естисіздер”: Зеленский мен Путин жақын арада кездесуі мүмкін

“Жақсы жаңалық естисіздер”: Зеленский мен Путин жақын арада кездесуі мүмкін

Путин мен Зеленский алдағы үш апта ішінде кездесуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф хабарлады, деп жазады Alash.kz.

«Біз [Дональд Трамптың күйеу баласы] Джаред [Кушнермен] бірге екі тарапқа да алдағы үш апта ішінде оларды жақындастыра алатын белгілі бір нұсқаларды ұсындық деп үміттенеміз, әрі бұл тіпті [Украина президенті Владимир] Зеленский мен [Ресей президенті Владимир] Путиннің саммитіне алып келуі де мүмкін. Белгілі бір кезеңде бұл президенттің қатысуымен өтетін үшжақты кездесу болуы ықтимал. Көре жатармыз. Сондықтан алдағы апталарда жақсы жаңалықтар естисіздер деп үміттенемін», - деді Уиткофф Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар