Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сенсациялық жетістік”: Президент Astana Team балалар хоккей командасын халықаралық турнирдегі жеңісімен құттықтады

17:39, 23 ақпан 2026

Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.  

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар