Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сүйінші! Үлкен мәртебе!”: Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

19:39, 23 ақпан 2026

Мәжіліс депутаты, Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

“Сүйінші мергендер!  «Sadaq atu” Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы - АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ!

qaz.archery: Үлкен саяси маңызы бар, садақтың даму жаңа жолындағы серпіні, тура футбол секілді волейбол секілді жеке федерация ретінде даму жолына түсті. 

2026 жылы 23 ақпан күні Республикалық садақ ату федерациясы Нартай Аралбайұлының басшылығымен жеке аккредитациясын алды!  

Яғни Федерация тәуелсіз қызмет жасайтын болады! Осы күннен бастап жеке қызметкерлер, спортшылардын стипендиясыр, мемлекеттен жеке өзі қолдау алуға мүмкіндіктер алатын болды! Бұл көптеген жолдар ашылды деген сөз, ендігі спорт әлемінде федерация үлкен мәртебе алды! 
Дзюдо, футбол, волейбол секілді дәстүрлі садақ ату спорты бөлек даму жолын алды! 


2019 жылы 22 шілде алғашқы республикалық федерация ашқан болатынбыз - Оспанов Азамат, Ахметов Диас, Тапенов Ербол, бірақ дамыту рұқсатын яғни аккредитациясын Ұлттық спорт қауымдастығы алған болатын. 
Бұл сіздермен бірге атқарылған үлкен жұмыс! Барлықтарыңызға құтты болсын!!!”,- деп жазды Нартай Аралбайұлы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар