ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаева болашақ келініне қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі келінінің қандай болғанын қалайтынын айтты.
“Жақсы сөз - жарым ырыс” дейміз ғой. Көпшіліктің тілеуі. Біздің де күтіп жүрген сондай бір әдемі сәтіміз… Барша тілеулес болып жатқан жандарға рақметімді айтамын. Ең алдымен өзіне ұнайтын, бір-бірін түсінетін, тәрбиелі, білімді, ақылды, адал жар болса деп тілеймін”,- деді Света Айтбаева.