Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды

10:00, 04 тамыз 2025 178

ҚР Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Көлік вице-министрін пара алу күдігі бойынша ұстады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды», – делінген хабарламада.

ҰҚК хабарлауынша, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақпарат кеңістігінде көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Сәтжан Аблалиев бұл қызметке 2023 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар