Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кейбір азаматтар елімізді мазақ етуге әуестеніп барады - ТОҚАЕВ

13:22, 28 қаңтар 2025 815

Бүгін үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев елді мазақ етуді қою керегін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Тоқаев Қазақстанды мазақ етіп, түрлі лақап ат қоятындарды сынады. 

"Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден "керемет жетістіктерді, табыстарды" тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі "қоғам белсендісі" санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар. Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе", - деді Тоқаев. 

Бұған дейін, Депутат Азат Перуашев Мәжілісте елде айыппұлдың көбейгенін айтып, шенеуніктерге шағым білдірген еді. Сол кезде ол Қазақстанды "Штрафстан" деп атаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар