Италияда иығына ота жасатқан Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов денсаулығына алаңдаушылық білдірген Қазақ еліне алғысын білдіріп, қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Құрметті Қазақ елі! Мені уайымдам, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет!
Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім.
Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға - келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін.
Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын”,- деп жазды Елдос Сметов.