Сәкен Майғазиев қуаныш үстінде ақ тілек айтқан жарының сөзін көпшілікке жеткізді, деп хабарлайды ALASH.KZ.
“Құдағи” деген қадірлі атқа ие болған Динара Асылханқызының (жүрегімнің ішіндегі жүрегім) @dinara_maigaziyeva тілеген (жылап қалмай) тыңдаңыздар. Әумин дей отырыңыз, - деді Майғазиев.
Динара Асылханқызы құдаларына алғыс айтты:
Әдемі, биязы, сұлу, инабатты, иманды, кішкентай ғана қарлығаштарыңызды тәрбиелеп, өсіріп, бағып-қағып, бізге аманат қылып, бізге тапсырып жатырсыздар. Сол үшін сіздерге көп рақмет! Мен бір көргеннен Әдияны жақсы көріп кеттім, - деді Динара Асылханқызы.