Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ешқандай көмек берген жоқ". Шыршадан құлап мертіккен мұғалімнің отбасы Семей әкімдігімен соттаспақшы

15:37, 04 қаңтар 2025 719

Шыршадан құлап мертіккен мұғалімнің отбасы Семей әкімдігімен соттаспақшы, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Семейдегі жаңа жылдық шыршаны рәсімдеу кезінде биіктіктен құлаған мұғалімнің отбасы шенеуніктерді сотқа бермекші. Жауапкердің кім болатыны әлі хабарланбаған. Бірақ, жәбірленуші әйелінің айтуынша, ол биліктен ешқандай көмек көрмеген.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 21 желтоқсанда Семейде жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде болған. Белгілі болғандай, мұғалімдер орталық алаңға шыршаны орнату және безендіру үшін арнайы жұмылдырылған.

Кейін жәбірленушінің жұбайы Айтқалиева күйеуінің бірнеше күн бойы реанимацияда болғанын, оның миынан гематома мен бас сүйегінің бір бөлігін алып тастағанын хабарлады.

Бүгін жәбірленушінің әйелі БАҚ-қа күйеуі әлі ауруханада ауыр жағдайда жатқанын айтты.  Оның хабарлауынша, қала билігі тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеген. Сондықтан әйел шенеуніктермен соттасуға дайын.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар