Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Бекетаев мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-Әділет министрі Бекетаевқа қарсы қылмыстық іс «Алаяқтық», «Аса ірі мөлшерде жымқыру» және «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» баптарымен тергелген», - деп мәлім етті Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 21 қазанында Антикор бұрынғы Әділет министрін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын. Экс-министр елден қашпақ болған кезде ұсталған.