Атырау облысы, Жангелдин ауылындағы қанды традегия жайлы тың дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында жаңа деректерді жариялады.
“Жангелдин ауылындағы қанды қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырау қаласына жеткізілген.
Бейресми ақпарат бойынша Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Карабалинаның да мәйіті табылыпты. Күдіктілер қылмыс орнын көрсеткен көрінеді. Бірақ бұл дерек туралы әзірге полиция мәлімет таратқан жоқ. Бәрі де бейресми ақпараттар.
Видео архив. Жангелдинде өз үйінен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған кезде түсірілген бейнежазба”,- деп жазды журналист.