Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дзюдошы Әділет Алмат Австриядағы Гран-при турнирде алтын медаль жеңіп алды

10:30, 08 наурыз 2026

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар