Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Щучинсктегі дәмханада болған өрт салдарынан тағы екі адам көз жұмды

15:00, 09 наурыз 2026

Щучинск қаласындағы дәмханасында болған өрт салдарынан тағы екі адам көз жұмды, деп жазады Alash.kz.

Дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті.

- Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен ауыр жағдайдағы тағы екі науқас қайтыс болды. 8 наурыз «Авиценна-Бурабай» ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан бір пациент, ал 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан тағы бір науқас қайтыс болды, - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер зардап шеккендерді аман алып қалу үшін күресуді жалғастырып жатқанын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар