Журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Жанар Хамитоваға қатысты ой айтып, өкінішін жеткізді, деп хабарлайды Аlash.kz.
«Жанарды біз тойханада ыдыс жуып жатқан жерде кезіктіріп, эфирге шығарған болатынбыз. Ол кезде ол шын мәнінде көмекке мұқтаж болды. Өйткені, қалтасында ақшасы болған жоқ. Эфирге шығарғаннан кейін тағдыры тез өзгеріп кетті. Өзім аңдып үлгермей жаттым. Продюсер табылды, концерт беріп кетті. Бірақ, мұның сыртында адамдар «Екі баласын күйеуінде қалдырған безбүйрек анасың» деген сын тақты. Сол кезде мен оның өмірінің бір ғана тұсын, жоқшылығын ғана көрсетуім керек пе еді деп ойланамын. Балаларға қатысты мәселесін мүлде айтпағанымда немесе эфирде «Бұл безбүйрек ана емес, күйеуімен шарт болған. Баланың кіммен бірге тұратынын таңдауға құқы бар. Демек, біз баланың таңдауын құрметтеуіміз керек. Қазақ елі, ол үшін Жанарды жазғырмайық» деп айтуым керек пе еді деп ойлаймын. Бәлкім, осы сөздер оны құтқарып қалар ма еді?!», — дейді ол.