Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жетістік! Тағы бір мәрте дәлелдеді”: Нартай Аралбайұлы қуанышты жаңалығын бөлісті

14:30, 08 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты, Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Қазақтың сұрмергендері әлемде топ жарды!

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында “Tashkent” Халықаралық ашық турнирі өтті. Турнирге Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Кипр, Қазақстан мемлекетінен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстаннан 7 спортшы бақ сынап, 4 алтын, 3 күміс, 3 қола иеленді.

Жалпы командалық есепте ҚАЗАҚСТАН құрамасы 1-орынды жеңіп алды.

Қазақтың дәстүрлі садақшылары әлемде теңдессіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бізге жанкүйер болыңыздар.

Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясы, Қазақтың дәстүрлі садақшылары 8-наурыз мейрамында аруларға Халықаралық жарыстан жеңіс сыйлады. Федерацияның барлық мүшелерін осы жетістікпен құттықтаймын! Қолдауларыңызға рахмет”,- деп жазды Нартай Аралбайұлы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар