Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіті табылды”. Шұғыл! Атыраудағы трагедия жайлы сұмдық дерек шықты

20:29, 09 наурыз 2026

Атырау қаласының маңындағы Геолог шағын ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары - Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды. Олар күдікті Сұлтан Сәрсемалиев жұбайымен бірге бұрын жалдап тұрған үйдің ауласынан анықталған. Бұл туралы “Ақ жайық” басылымы хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Кеше Сұлтан Сәрсемалиев пен оның әйелі Ақбаян Алматы қаласына жеткізілген болатын. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін Геолог шағын ауданында өзі бұрын жалдап тұрған үйдің ауласына көміп тастағанын айтқан.

Осы мәлімет алынғаннан кейін Атыраудағы тергеушілер аталған аумақта қайтадан іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде мәйіттер табылды.

Еске салайық, іздеу жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жалғасқан. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмыс істеп, жылжымалы штаб құрылған. Үйдің ауласы мен оған жақын аумақтар арнайы техникамен, соның ішінде георадар құрылғылары арқылы тексерілгенімен, алғашқы іздеу барысында нәтиже болмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар