Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Елге жеткізіледі”: Атыраудағы трагедия жайлы жаңа дерек шықты

19:00, 08 наурыз 2026

Атырау облысы Жангелдин ауылында өлі табылған ерлі-зайыптының өліміне қатысы бар күдіктілер жайлы жаңа дерек шықты, деп жазады Alash.kz. 

Индонезияда ұсталған күдікті күйеу бала Сұлтан Сәрсенғалилев пен әйелі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. 

Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның да күдікті ретінде танылғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша екі күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілді. Олар жақын арада шетелдік әріптестеріміздің көмегімен елге жеткізіледі. Келу маршруты да алдын ала пысықталды. Әрі қарай іс қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес жүргізіледі", – деді Санжар Әділов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар