Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Заитов Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам. Бұның маған оқиғасы да, басқасы да қызық емес. Неге оны жаппай көрсете береді? Себебі сұраныс бар. Біреудің төсегіне қатысты ақпаратқа сұраныс бар. Атам қазақ «Итке төсек не керек, естіге өсек не керек?» деп айтқан. Біз қазір өсекпен өмір сүріп жатырмыз. Бізге Қазақстанның келесі жылға қуаңшылыққа дайындығы қалай екені қызық емес, Ерке мен Раимның жағдайы қалай болып жатқаны бүкіл Қазақстанға қызық», – деді депутат «Білген дұрыс» YouTube-арнасына берген сұхбатында.