Бүгін, 14 ақпан Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын күтілуде.
Еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі.
Оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады.
Алматы қаласында бүгін ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 0-5 м/с, күндізгі екпіні 8 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2...-4°С, күндіз +5...+7°С аралығында болады.
Сондықтан, ауа райының өзгермелі болуына байланысты сақ болыңыздар.