Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Блогер күріш пен қазы қосылған шоколадты дайындап, халықты шулатты (ВИДЕО)

16:04, 02 желтоқсан 2024 353

Өзбекстандық блогер ерекше шоколад дайындады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Өзбекстандық блогер ерекше шоколад дайындап, жұрттың назарын аудартты.

Upl.uz басылымының мәліметінше, видео авторы күмәнді десертті тек дайындап қана қоймай, оның әзірлену процесін толық түсіріп, рецептімен бөліскен.

Блогер палауға ыстық шоколад құйып, оған қазы қосып, дайын болған қоспаны мұздатқышқа қойған.

Оның айтуынша, шоколадтан жиіркену сезімі пайда болмаған.

Алайда көпшілік бұл аспаздық экспериментті қолдамады.

Көптеген қолданушылар мұндай ерекше дәм үйлесімін түсінбей, тіпті наразылық білдірген.

Соған қарамастан, палауы бар өзбек шоколады көпшіліктің қызығушылығын тудырып, қызу талқыға түсті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар