Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Біздің билікке де бір Маск керек

10:04, 15 қараша 2024 917

Экс шенеунік, бұрынғы журналист Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында осылай депті. 

Ол "Трамп таңғалдырды. Илон Маскке өз әкімшілігінен мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалайтын департамент ашып, соған басшылық етуді ұсынды.
Біздің заманымыздағы екі ұлы адамды мойындаймын. Бірі 2007 жылы нарыққа iPhone смартфонын ұсынып, халықтың өмір салтын өзгертіп жіберген адуын Стив Джобс, екіншісі электркөлік нарығын ашқан, ғарышты игеріп, адамзатты Қызылжұлдызға көшірем деп жүрген қияли көреген Илон Маск. Екеуі де революционер идеалист!" дейді.

Шыңғыс Мұқанның айтуынша, Маск өкімет ісіне келсе, революция жасамай жүре алмас деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметтің сірескен бюрократиясын өзгертіп берсе, барлық әлем үйреніп, мемлекеттік басқару ілгерлер ме екен деген үміт қой мендегі.

"Негізі, бізге де кадр саясатында неге эксперимент жасамасқа. Ермұрат Бапи көкем бастаған біраз батыл азамат заң шығару органына жиналғаны сияқты (одан Мәжіліс зиян шеккен жоқ, қайта елдің аузындағы әңгіме мінберлерден айтылып, “Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?” деп отыр буы шыққан халық), Марғұлан Сейсембай, Мұхтар Жәкішев сияқты ақылмандардың қолына бір-бір саланы берсе, қолынан келер ме екен, қалай ойлайсыз? Кәсіпте жүрген, өзін кәсіпте дәлелдеген, өзгеше ойлайтын, батыл кім бар бізде басқа?" деп жазады автор.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар