Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шындық үшін айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті": Мұхтар Шахановты жоқтаған Тұңғышбай Жаманқұловтың жазбасы жұртты жылатты

09:30, 22 сәуір 2026

Халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, ақынның жарқын бейнесін еске алды, деп жазады Alash.kz.

"Ей артық туған асыл ер, нағыз Азамат... Шындық үшін шырылдап қана емес, айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті! Сен де өттің бе, жалғандық жайлаған алдамшы өмірден... Әділет іздеп кеттің бе, ол шіркіннің Жоғарыда да жоқ екеніне көзің жетіп, енді өзің аңсаған Сана Биігінен орын таптың ба? Арсыға өттің бе, Бейопаға жеттің бе?.. Шығыстың жеті жұлдыз шоғырына сегізінші боп қатарларынан орын тептің бе?... Қош, соры қалың қазақтың қадірі артық шыншыл Шайыры... Бақұл бол..." – деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар