Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өлгеннен кейін жақсы баға беретін шығар...»: Мұхтар Шахановтың сұхбаты тарады (ВИДЕО)

21:59, 20 сәуір 2026

Желіде Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың журналист Аман Тасығанға берген сұхбаты тарады, деп хабарлайды Alash.kz 

Журналист ақынға "Айтылған қарсы пікірлердің барлығынан шаршап, осы елден кетіп қалғыңыз келмей ме? Басқа қоғамға барып өмір сүргіңіз келмей ме?” деген сұрақ қойды.

"Мен осы жерде туылдым, осы жерде өлемін. Кетіп қалуыма әбден болатын еді. Менің басқа елдерде тіпті абыройым жоғары. Ал өз елімізде шындықты айтқанымыз үшін ұнамай қаламыз", - деді ол.

Мұхтар Шаханов "Еліңіз сіздің лайықты бағаңызды бере алды ма?" деген сұраққа былай жауап берді:

"Енді бізде өлгеннен кейін жақсы сыйлайды ғой. Өлгеннен кейін жақсы баға беретін шығар деп ойлаймын. Кезінде маған "Халық Қаһарманы атағын берген. Мен алмай қойдым. Бізде түрмеде шіруі тиіс кез-келген ұрының ең кем дегенде 2 ордені мен 3 медальі бар. Солардың қатарында жүргім келмейді деп алмай қойдым", - деді Мұхтар Шаханов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар