Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сатқын… Айтатын уақыт келді": Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекова туралы ел естімеген жайтты айтты (ФОТО

12:36, 21 сәуір 2026

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты  жазба жариялап, өткір мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

"Мен енді саған да, маған да, мен сен үшін жасағанның бәріне түкіруге жол бермеймін! "20 жыл KeshYOU" атты шуды фильмнің үшінші бөлімін күтіңіздер. Әлде оның сатқын екенін айтуға уақыт келген шығар? Мен фильмде оның беделін көтеруге тырысып жүргенімде, ол біржақты шешіммен концертке қатысудан бас тартты", – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Еске сала кетейік, бұған дейін  әнші Мөлдір Әуелбекова KeshYOU тобының алдағы концертіне қатыспайтынын хабарлаған еді. 

"KeshYOU концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңді өзім үшін аяқтаймын. Осы 22 жыл ішінде мен өз атымды қалыптастырып, көптеген кезеңнен өттім. Сахнада да, басқа қызметтерде де жұмыс істедім, бизнеспен айналыстым. Кей кездері өнерден алыстап, кейін қайта оралдым", – деді Мөлдір Әуелбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар