Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қылмыстық іс қозғалды”. Қайғылы хабар: Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды

19:16, 20 сәуір 2026

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Alash.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің  хабарлауынша, оқиға Бостандық ауданында болған.

Мәйітті кәріз жүйесін жөндеуге келген коммуналдық қызметкерлер тапқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйінде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткен. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған», — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар