Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұхтар Шахановтың денесі Түркістан облысына жеткізілді (ВИДЕО)

17:44, 21 сәуір 2026

Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың мәйіті Түркістанға жеткізілді, деп жазады Alash.kz. 

Әуежайда қаралы керуенді өңір басшысы Нұралхан Көшеров бастаған ресми өкілдер мен зиялы қауым күтіп алды. Қоштасу шараларынан кейін қаралы көш ақынның туған өлкесі Отырар ауданына бет алды. Ұлттық әдебиеттің алыбы өзінің ақырғы байызын киелі Арыстан баб кесенесінің маңынан тапты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар