Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тазы мен төбет күні: Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болды

09:31, 21 сәуір 2026

Биылдан бастап Қазақстанда Қазақы тазы мен төбет күні ресми түрде атап өтіледі, деп жазады Alash.kz.

Тиісті үкімет қаулысы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің  сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: Қазақы тазы мен төбет күні – 3 қыркүйек", - делінген қаулы мәтінінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар