Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Басқа адаммен кеттің. Балалар қатты қиналды”. Алагөзовтің экс-әйелі балалар тегінен неге бас тартқанын айтты (ВИДЕО)

13:00, 30 маусым 2025 1905

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жары Ляйсира Марат экс-күйеуінің мәлімдемесіне жауап беріп, балалары әкесінің тегінен не себепті бас тартқаны туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“2015 жылы үйленгеніміздің 25 жылдығын атап өттік. Сол кеште сен махаббат пен адалдыққа ант бергенсің. Бірақ тура бір жылдан кейін Тбилисиге басқа адаммен кеттің. Бұл бәріміз үшін шок жаңалық еді. Әсіресе балалар қатты қиналды. Енді сені балалармен ештеңе байланыстырмайды. Айтқан сөздерің үшін менің балаларым мен отбасым алдында кешірім сұрауыңды талап етемін.

Мен махаббат пен шындықты қолдаймын. Амина мен Арсен – ересек адамдар. Олар өздері шешім қабылдай алады. Тегінен бас тартып жүрген – өздері. Алагөзовтің тегіне қатысты реніші – орынсыз. Балалардың еркін таңдауын жоққа шығарып отыр. Шындыққа жанаспайды. Амина менімен ақылдаспай, үш айдан кейін тегін ауыстырды. Арсен ұзақ ойланды. Бір жарым жылдан кейін өзгертті. Мен ол кісі үйден шығып кеткенде-ақ Марат тегіне өттім. Балалар тегінен бас тартқанын саналы шешім деп есептейді”, – деді Ләйсира Марат. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар