Кешелі бері әлеуметтік желіде бұрын сотты болған әйелдердің сұмдық мәлімдемелері қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды Alash.kz.
YouTube желісіндегі Qazaq AIRAN арнасының кейіпкері Риза Мұсаханова 2012 жылы сотты болған. Әйелдер колониясында 2,5 жыл жазасын өтеген әйел түрменің ас-суы мен суық жүйесі туралы жағаұстатарлық ақпарат берді:
Түрмеде ұзақ жыл отырған әйелдер өздерінің тұлғалық қасиеттерін жоғалтады. Біреуі еркек болып кетеді. Біреуі әйел болып кетеді. Бәленбай жыл еркек көрмеген әйелдер еркекке айналып кетеді. Омырауларын байлайды. Шаштарын еркектер сияқты қырқып алып тастайды. Жүріс-тұрыстарын еркекке ұқсатып жібереді. Жаңа түскен жас қыздарды өздеріне тартып алады. Олар көнбесе соққыға жығады. Сөйтіп, әйел мен күйеудің рөлін ойнайды. 15-20 жыл отырғандардан жаңа сотталып келген қыздар қорқады. Еркек жоқтықтан да бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсіп кетеді. Күйеуі-әйелі болып бір-бірімен төбелеседі. Бір-бірін қызғанып жатады. Ондай көп….
Журналистің “оны ешкім қадағаламай ма?” деген сұрағына әйел іркілмеді:
Ешкім қадағаламайды. Ол жерде полицияға кофе-шоколады, темекісі болса болды. Киімдерін тіккізіп алса болды. Егер, полиция сен бұл жерде бұл қызбен бірге болмайсың десе, айқай болады. Венасын кеседі, суицидке дейін барады. Оларды “Семейка” дейді. Бөлініп-бөлініп отбасы болып өмір сүретін отрядтар бар. “Сожитель” болып өмір сүріп жатады.