Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балалардың әліппесі – әлеуметтік желі, емізігі – TikTok, бесік жыры – Instagram болып тұр! - ДЕПУТАТ

14:08, 19 ақпан 2025 398

ҚР Парламенті Мәжілісінің YIII шақырылым депутаты Жанарбек Әшімжан бүгін үкімет отырысында әлеуметтік желілер туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бүгінгі таңда балалардың әліппесі – әлеуметтік желі, емізігі – TikTok, бесік жыры – Instagram болып тұр, өкінішке қарай... 

Адамзат баласын отырғызып-тұрғызған осы құбылыстардың әсері – әсірелеп айтсақ атом бомбасынан кем емес. Өткен жылы әріптесім Ерлан Сайыров TikTok платформасының қоғамдағы кері әсері туралы тиісті орындарға дабыл қағып еді, селт еткен жан жоқ. Сенатор әріптесіміз Нұртөре Жүсіп «бұрын балалаларды «тәк-тәкпен» тәрбиелейтін едік, қазір TikTok-пен тәрбиелеп жатырмыз» деп еді мінбеден. TikTok-тың атасы саналатын Қытайдың өзінде бұл платформаға қатаң бақылау бар. Қолжетімділігін тиісті құзырлы орындар күндіз-түні күзетіп отыр. Балаларға арналған, ересектерге арналған, шетелдіктерге арналған бөлек-бөлек контент қарастырылған. Австралия 16 жасқа дейінгі балаларға қолдануды заңмен шектеді. Осы жоғарыда аталған елдердің бір білгені бар шығар... Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Жаңа Зеландияда балалар қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты 2023 жылы шешім қабылдап үлгерген.

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдері ТикТок желісіне ішінара немесе толық шектеу қойды. Ал, Франция үкіметі жасөспірімдердің интернетке қолжетімділігін заңнамалық деңгейде реттеді.

Сондықтан, Үкіметке келесі шараларды қолға алуды ұсынамын.

​1. ТикТоктағы әдепке, ұлттық құндылықтарға, дәстүріміз бен салтымызға қайшы келетін, балалардың санасын улайтын, теріс әдеттерге шақыратын барлық контентке шектеу қою.

​2. Елімізде ТикТокты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдалануына қатаң шектеу қою немесе мүлдем тыйым салу тетіктерін қарастыру керек деп есептейміз”,- деді ол өз сөзінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар