Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" президенті қызметінен кетті

13:30, 31 шілде 2024 683

Азамат Сатыбалды “Қазақфильм” басшысы қызметінен кетті деп хабарлайды Alash.KZ сайты “Адырнаға” сілтеп. 

Сатыбалды қызметтен кетуіне Қытайдағы ауқымды жоба себеп болғанын айтты.

«30 шілдеден бері мен Қытайда болып, халықаралық киножобаға қатыстым. «Қазақфильммен» келісімшартым аяқталды, мен оны ұзартпаймын деп шештім. Мұндай деңгейдегі халықаралық жобаға алғаш рет қазақстандық актер шақырылып, түсірілімге қатысудың бірегей мүмкіндігіне ие болдым.

Бұл менің актерлік мансабымдағы елеулі қадам және қазақ өнерін әлемдік аренада танытуға берілген мүмкіндік. Түсірілім Қытайда да, Қазақстанда да бірнеше айға созылады», - деді Сатыбалды.

Алайда мәдениет министрлігі кинокомпания басшысының қызметтен кеткені шындыққа жанаспайтынын айтады. Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бұл қызметті небәрі бір жыл атқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар