Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы балабақшада 4 жастағы баланың басын темір орындықпен ұрған (ВИДЕО)

17:14, 02 қазан 2024 483

Астанадағы балабақшада 4 жастағы бала жарақаттанды. Басы жарақаттанған бала ауруханаға жеткізілді. Деректерге сүйенсек, оның басынан өзге тәрбиеленуші бүлдіршін орындықпен ұрған. Алайда баланың анасы кейін бейнебақылаудан тәрбиешінің дөрекі қарым-қатынасын көріп, наразылығын білдірді, деп хабарлады Alash.KZ ұлттық порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға «Медина» балабақшасында болған. Сәбидің анасының айтуынша, ол 24 қыркүйекте таңертең ұлын балабақшаға апарған. Ал 9:41-де тәрбиеші ұлының басын ұрып алғанын айтып хабарласқан.

Анасы балабақшаға келгенде, ұлының басындағы ашық жарақатты көріп, шошып кеткен. 10-15 минуттан кейін «жедел жәрдем» келіп, баланы ауруханаға жеткізіп, тігістер салған.

Кейін ұлдың анасы бейнебақылау камераларынан қарауды талап еткен. Онда басқа тәрбиеленуші баланың ұлының басына темір орындықпен ұрып жатқанын көрсетілген. Бұдан соң әйел видеодан тәрбиешілердің дөрекі және қатыгез қарым-қатынасын да көргенін атап өтті.

«Анасы бастапқыда жағдайды түсінуге тырысты. Бірақ видеоны көргеннен кейін әділеттілікті талап етті», – делінген хабарламада.

Балабақша өкілдері оқиғадан соң ақшалай көмек ұсынып, кешірім сұраған. Бірақ анасы кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайтынын айтады. Ол материалдық көмектен бас тартқан. Сондай-ақ соққының салдары ұлының денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін жеткізді. Себебі бала бұған дейін сөйлемей, тек ым-ишарамен түсіндіріп жүрген.

Келесі күні баланың атасы тәрбиешілерге ашуланған. Ал баланың інісін балабақшадан шығарып алды деп болжануда.

«Бүгінгі таңда балабақша тәрбиешісі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабына сәйкес 25 қыркүйектен бастап жұмыстан шығарылды», – деп түсіндірді ведомство.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар