Сенат кулуарында қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әскерге шақыруда қандай өзгерістер болатынын айтты, деп жазады Alash.kz.
Енді әскерге шақырту үшін 1414 нөмірінен SМS-хабарлама жіберіледі.
"Алдағы уақытта әскер қатарына шақыру 1414 нөмірінен SMS хабарлама жіберу арқылы іске асырылады және Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің eGov-тағы жеке кабинетінде хабарламаның растығын тексеру мүмкіндігіне ие болады", – деп жауап берді Шайх-Хасан Жазықбаев.
Оның айтуынша, тиісті заң қабылданғаннан кейін жас жігіттерді әскерге көшеден алып кету фактілері болмайды. Сондай-ақ әдеттегідей шақырту жіберілмейді, тек SMS арқылы хабардар етіледі. Егер хабарламаны алушы оны елемей тастаса, онда мәселе Әкімшілік кодекс аясында шешіледі.
"Онымен уәкілетті органдар айналысады. Айыппұл көлемін қорғаныс министрлігі бекітпейді, онымен уәкілетті органдар айналысады, айыппұл мөлшері туралы айта алмаймыз", - дейді министрдің орынбасары.
Әскерге көшеден ұстап әкете алмайды - Жаңа заң қабылданды (Видео)
“Қосымша қылмыстық істер тіркелді”: Атыраудағы қанды қылмыс жайлы жаңа дерек шықты
23:09, 23 наурыз 2026
«Әлия, Мәншүк есімді қыздарым бар»: Роза Рымбаева ел естімеген құпиясын бөлісті
12:09, 23 наурыз 2026
Қаралы хабар: Елге танымал айтыскер ақын, қазақ өнерінің жанашыры жол апатынан көз жұмды
23:20, 22 наурыз 2026
«Алаш арыстары Наурыз мейрамына ерекше мән берген» - тарихшы Ахмет Тоқтабай (ВИДЕО)
21:00, 22 наурыз 2026
“Шешім қабылдадық”: Дастан Сәтпаев жайлы Талғат Байсуфинов маңызды мәлімдеме жасады
13:27, 22 наурыз 2026