Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Көзіме жас келеді… Жаныма түскен қайғы жазылмастай…”: Асанәлі Әшімовтың жары марқұм жолдасын есіне алды

12:36, 03 ақпан 2026

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова желідегі парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялап, марқұм жолдасын есіне алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Жан бөлек. Жан бөлек!!!
Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн.
Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.
Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен», деп жазды Бағдат Әшімова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар