Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ас үйдегі айқас. Батыс Қазақстанда әйел өз күйеуін пышақтап тастады

14:46, 29 мамыр 2024 743

Батыс Қазақстан облысында күйеуінің бүйіне әйелі пышақ салды. Ол жанжал кезінде жарына суық қару сұғып алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Сотта анықталғандай, әйел жолдасымен жанжалдасып,оның оң бүйрек тұсына ас үй пышағымен соққы жасаған. Салдарынан әйел ер адамның денсаулығына ауыр зиян келтірген.

"Іс деректерінен анықталғандай, сотталушы күйеуімен жанжалдасып, оның оң жақ бүйрегінен асхана пышағымен ұрған. Әйел өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді", - деп жазды "Мой город" телеграм арнасы.

Ерлі-зайыптылар қатты жанжалға қарамастан ажыраспады. Олар некелерін сақтап қалуды шешті.

Әйел Бәйтерек аудандық сотының шешімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 1- бөлігінің 106-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне қатты өкінетінін айтты. Жәбірленуші соттан жұбайын қатаң жазаламауды және оған бас бостандығынан шектемейтін жаза тағайындауды сұрады.

Сот жасалған қылмыс ауыр санатқа жататын, кінәлінің жеке басы туралы деректерді, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуы және болмауын, жәбірленушінің пікірін ескере отырып, сотталушыны түзеу және жаңа қылмысқар бармауы үшін әділ, қажетті және жеткілікті жаза тағайындау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әйелге 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазаны тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Сот әйелді үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар