Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков депутаттық сауалында еден жуушы, аула сыпырушы, күзетші, вахтер сияқты техникалық мамандықтар бойынша зейнетке шыққандарға құрметті атақтар мен төс белгілер енгізуді ұсынды, деп жазады Alash.KZ.
Депутат қоғам назарын олардың мәртебесі мен еңбек жағдайын көтеруге аударды.
"Біз жұмыскердің мәртебесін көтеру туралы сөз еткенде, нені меңзейміз? Мекеменің беделін емес, сол мекемеде еңбек етіп жүрген қызметкердің мәртебесін көтеру жайында сөз болуға тиіс. Әсіресе қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін, көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды жұмыс атқаратын – еден жуушылар, техникалық қызметкерлер, гардеробшылар, күзетшілер, вахтерлер, аула сыпырушылар және басқа да көмекші мамандық иелерінің мәртебесі мен еңбек жағдайы – өзекті мәселе", – деді депутат.
Ол көбіне басшылықта отырған немесе негізгі мамандарға ғана назар аударылатынын атап өтті. Алайда күзетші – біреудің әкесі немесе ағасы, ал еден жуушы – біреудің анасы немесе әпкесі емес пе?
"Иә, олардың еңбегі беделді мамандықтар қатарына жатпауы мүмкін, бірақ біз оларды құрметтеп, адами, азаматтық және әлеуметтік мәртебесін көтеруге міндеттіміз. Олардың да балалары бар. Олар "Менің анам – еден жуушы болған, әкем – аула сыпырушы болған" деп мақтанышпен айта ала ма? Біз солай айтатындай жағдай жасауымыз керек. Бүгінде бұл жұмыскерлердің жалақысы елдегі орташа деңгейден әлдеқайда төмен. Ауыр физикалық еңбекке қарамастан, олар әлеуметтік қорғаудан, жеңілдіктер мен кәсіби қолдаудан жиі тыс қалып отыр", – деді Таңсауле Серіков.
Мәжіліс депутаты бұл қызметкерлер бір күн жұмысқа шықпай қалса, көшелер қоқысқа толып, кеңселерді шаң басып, тазалық кететінін айтты.
"Неге біз бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмейміз? Аула сыпырушылармен және техникалық қызметкерлермен сөйлескенде, олар аз жалақы, жеңілдіктердің жоқтығы және әлеуметтік менсінбеушілік үйреншікті шындыққа айналғанын айтады. Қазіргі таңда негізгі мәселелер қатарында төмен еңбекақыны, нақты әлеуметтік мәртебенің болмауын, сауықтыру және демалыс мүмкіндіктерінің шектеулі екенін, кәсіби өсу мен қайта даярлау жағдайының жетіспеушілігін атап өтуге болады", – дейді депутат.
"Анам – еден жуушы, әкем – аула сыпырушы болған" - депутат техникалық мамандық илерінің айлығын көтеруді ұсынды (Видео)

Қазақстандағы беделді бір университеттен Назарбаевтың есімі алынып тасталады
11:07, 09 шілде 2025 271
"Елдостың ұрығы болмаған": клиника маманы еңбекті жоққа шығармай, мойындауды сұрады (ВИДЕО)
10:40, 09 шілде 2025 237
"Сүйінші сұраймыз! Осы күнге де жеттік": Серік Ибрагимов ел естімеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
09:58, 09 шілде 2025 629
Қостанайда былтыр күзде жоғалып кеткен 25 жастағы жігіт өлі күйінде табылды
08:54, 09 шілде 2025 436
“Мәйіті өз үйінен табылды”. Францияда Макронды ашық сынаған депутат өліміне қатысты тың дерек шықты
21:37, 08 шілде 2025 814
“Шектеу керек. YouTube, TikTok көргеннен бала дамымайды”. Асхат Аймағамбетов өткір мәлімдеме жасады
20:17, 08 шілде 2025 973
Күйеу баласынан жүкті болған ене: Күллі жұртты шошытқан сұмдық жағдай жайлы тың дерек шықты
18:23, 08 шілде 2025 2118
“Ештеңе істей алмаймыз”. Қапшағайда депутаттың көзінше бойжеткен суға батып кетті (ВИДЕО)
15:48, 08 шілде 2025 688
«Көзге шөп салып, ажырасу»: Тұрсынбек Қабатовтың отбасы жайлы болжам жасалды
14:25, 08 шілде 2025 1494
Трамп Тоқаевқа хат жазды. АҚШ Қазақстаннан келетін тауарларға 25% кеден салығын енгізбек
13:09, 08 шілде 2025 477
“Би билейтін емес, ой ойлайтын уақыт”. Аймағамбетов тренд қуып, рилс түсіретін мұғалімдерді сынға алды
12:00, 08 шілде 2025 2628
«Жуырда…»: Сахнадан алыстап кеткен Кәмшат Жолдыбаева ел естімеген жаңалығын бөлісті
11:00, 08 шілде 2025 4443
“Израиль билігі мені өлтірмек болды”. Иран президенті шұғыл мәлімдеме жасады
09:00, 08 шілде 2025 883
Көптің тілеуі қабыл болды. Сүйінші! Ұлды болатынын білген Елдос Колобок қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО)
21:14, 07 шілде 2025 3071
“Қызметінен босатылған соң өз-өзіне қол салды”. Ресейдің бұрынғы көлік министрі өлі күйінде табылды
19:50, 07 шілде 2025 1570
«Тепкілеп, өзенге итерген»: Семейде 12 жастағы баланы бірнеше жасөспірім жабылып ұрып-соққан
18:20, 07 шілде 2025 814