Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов Швейцарияда өзіне және отбасына қатысты қылмыстық істің түпкілікті жабылғанын мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.
Оның айтуынша, 2026 жылғы 23 маусымда Женева апелляциялық сотының қылмыстық істер жөніндегі палатасы Алматы қаласының Женева прокуратурасының қылмыстық өндірісті тоқтату туралы шешіміне берген шағымын қанағаттандырмаған. Алматы тарапы бұл шешімге бұдан әрі шағым түсірмеген, нәтижесінде сот шешімі заңды күшіне енген.
«Осы шешімнің нәтижесінде біз заң алдында толық ақталдық», – деп жазды Храпунов.
Алайда швейцариялық Gotham City басылымының мәліметінше, іс талап қою мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған. Тергеу 2010-жылдардың басынан бері жалғасып, Храпуновтар отбасына қатысты ақшаны жылыстату күдігіне байланысты болған.
Бұл шешім Қазақстан соттарының бұрын шығарған сырттай үкімдерін жоймайды. Forbes Kazakhstan мәліметінше, Швейцария соттарының шешімі Храпуновтарға қатысты Қазақстандағы сырттай шығарылған сот үкімдерінің күшіне әсер етпейді.
2018 жылы Қазақстан соты Виктор Храпуновты сырттай 17 жылға, оның жұбайы Лейла Храпунованы 14 жылға бас бостандығынан айырған. Оларға сыбайлас жемқорлық, мемлекет қаражатын жымқыру, алаяқтық және ақшаны жылыстату бойынша айыптар тағылған.