Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

09:10, 30 қаңтар 2025 103

Алдағы үш күнде Қазақстанның аймақтарында ауа райы қалай болады? Синоптиктер 30, 31 қаңтар және 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Alash.KZ.

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Жауын-шашын, соның ішінде қар күтіледі.

 
 

30-31 қаңтарда елдің шығысында, 31 қаңтарда елдің солтүстігінде қалың қар, боран, екпінді жел, тұман болады деп болжанып отыр. 30-31 қаңтарда елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республиканың батыс облыстарында ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

"Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -20...-28°C-қа дейін төмендейді, алайда күндіз 1 ақпанда термометрлердің бағандары нөлдік белгіге дейін жақындайды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар