Актер Рамазан Амантайдың әйелі Төлен Гүлфару арнаулы жазба жариялады. Өз жазбасыннда жолдасына қатысты желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Желіде актер Рамазан Амантай өмірден өтті деген ақпарат тарады. Онда актер суши жеп, уланғаны жазылған.
Актердің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Құрметті достар, Аллаға шүкір, бізде бәрі жақсы. Бәрі аман. Уайымдап жазып, хабарласып жатқандарыңызға рақмет! Жалған ақпарат таратқандарды Алла өзі кешірсін", - деп жазды Төлен Гүлфару.